Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алғыс хат, гүл, сыйлық: Көше жұмысшыларын құттықтаған Ақтау әкіміне ел сүйсінді

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі/Facebook

Ала таңнан қолына сыпырғысы мен күрегін алып, қала тазалығына кірісетіндердің еңбегі ерекше ерен. Жаңа жыл қарсаңында Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай оларды Жаңа жыл мерекесімен арнайы құттықтап, алғыс хат табыстады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта "Қала жолдары" мекемесінде қызмет ететін 400-ден астам жұмысшы Ақтаудың көшелерін сыпырады, суағарларды тазалайды, жиектастарды ақтайды, аялдамаларды жуады, қоқыстарды жинайды.

Яғни, таңмен таласа тұрады. Отбасы қамынан соң, қаланың тазалығына кіріседі. Ел ұйқыда жатқанда бар істі тындыруға тырысады.

Қала әкімдігі кенеттен марапатқа ие болған жұмысшылардың әрқайсысы шексіз ризашылығын білдіргенін мәлімдеді.

"Үлкен алғысымды айтамын, еңбегімізді елеп жатыр. Қуанып тұрмын. Бала-шағамызға жаңа жылдық сыйлықтар да бар. Өзім 13 жылдан бері осы қызметте жұмыс істеп келемін. Әрине, оңай емес, жұмыс ауыр. Аптасына бес күн сегіз сағат бойы далада жүреміз.
Қолымыздан сыпырғы түспейді. Барлық жұмысшылардың атынан рахметімді айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алдағы күндерден жақсылық күтеміз. Ертеңгі күннен үмітіміз мол",- дейді қызметкерлердің бірі Гүлстан Оразбаева.
Фото
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі/Facebook

Осылайша, 20-ға жуық жұмысшы қала әкімінің Алғыс хатына ие болған.

Айта кетейік, биыл "Қала жолдары" ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға артқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1891678-algys-hat-gl-syjlyk-kse-tazalausylaryn-kttyktagan-aktau-kimine-zrt-sjsindi/

pixel