Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтау сөзінің толық мәтінін назарға ұсынамыз:
"Қымбатты отандастар!
Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі.
Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда.
Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз.
Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!
Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!", - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында.
Еске салсақ, еліміздің синоптиктері мереке күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялаған болатын. Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 7 қаңтар күні қатты аяз, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 7 қаңтар күні түнгі уақытта Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градусқа дейін қатты аяз сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892600-tokaev-kazakstandyktardy-rozdestvo-merekesimen-kttyktady/