RU

Трамп әйелімен бірге Ақ үйден кетерде ежелгі дәстүрді бұзбақшы

Дональд Трамп және Меланья Трамп
Дональд Трамп және Меланья Трамп. Фото: Win McNamee/Getty Images

Дональд және Мелания Трамп АҚШ президенті және бірінші ханымы ретінде сәрсенбі күні Ақ үйден кетеді. Олар резиденцияға ие болушыларға, атап айтқанда Джо мен Джилл Байденге табыстау туралы ежелгі дәстүрді бұзбақшы деп хабарлайды CNN.

Дәстүр бойынша Трамп Ақ үйде Байденмен кездесіп, онымен бірге Капитолийге баруы керек. Бірақ қазіргі президенттің ондай ойы жоқ.

Ол тіпті қалыптасқан дәстүр бойынша Байденге қалдыруы тиіс хатты жазар-жазбасын әлі білмей жүр.

Екі аптадан астам уақыттан бері көпшілік алдына шықпаған Меланья Трамп Джилл Байденмен ешқашан байланысқа шықпаған. Ол жаңа бірінші ханымға қонақжайлық көрсетіп, Ақ үйдің ішін таныстыру керек болған.

Алайда, АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс жаңа сайланған вице-президент Камала Харриспен өткен аптада алғаш рет сөйлескен: бұл - қызметі аяқталуға жақын және жаңа әкімшілік арасындағы жоғары деңгейдегі жалғыз байланыс. Пенс Харристі құттықтап, өзінің көмегін ұсынған.

Ақпарат көзіне сілтеме жасаған басылым Ақ үйдің басшысы Тимоти Харлеттің резиденцияда жаңа президенттік жұппен кездесетінін жазды.

Ұлықтау күнінде Байден бұрынғы президенттер Билл Клинтон, Джордж Буш және Барак Обама қосылатын Арлингтон ұлттық зиратына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысқанда, жаңа америкалық лидердің жеке заттарының негізгі бөлігі Ақ үйге жеткізіліп, орамадан шығарылады.

Ол кезде Трамптың заттары алынып, бүкіл Ақ үй қалашығын мұқият тазалау аяқталады.

Басылымның хабарлауынша, көшу кезінде резиденциядағы жатын бөлмелерге ерекше назар аударылатын болады. Трамп пен оның әйелінде жатын бөлмелері бөлек болған болса, Байдендерде ортақ төсек болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894517-tramp-jelimen-birge-ak-jden-keterde-ezelgi-dstrdi-bzdy/