Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімізден бастауымыз қажет": Павлодар облысының әкімі өңірдегі шенеуніктерге жиі қазақша сөйлеу керектігін айтты

Опубликовано:

Әбілқайыр Сқақов
Әбілқайыр Сқақов. Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қазақ тілін жұмыста да, күнделікті өмірде де қолданып, әріптестеріне үлгі көрсетуі керек деп есептейді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, тіл мәселесі облыс әкімдігінің кезекті аппараттық кеңесі кезінде көтерілген.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова бейінді заңнама талаптарын сақтау жағдайына тоқталған.

"Облыс басқармалары мен қала, аудан әкімдіктері ресми сайттарының тіл заңнамасына сәйкестігін анықтау үшін мониторинг жүргізіліп, бірінші басшыларға кемшіліктерді жою туралы ұсыным хат жолданады.

Атап айтсақ, Аққулы ауданы әкімдігінің басты бетіндегі жалпы ақпарат орыс тілінде ғана жазылған. Тереңкөл ауданы әкімдігіне қарасты құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің атауы тек орыс тілінде ресімделген, сондай-ақ Павлодар ауданы әкімдігінің құрылымындағы кейбір ауылдық округ әкімдерінің өмірбаяндары тек орыс тілінде жазылған", - дейді Бегалинова.

Жалпы соңғы үш жылда өңірдің 1010 мемлекеттік қызметкері қазақ тілі курсынан өткен. .

"Мемлекеттік тілді насихаттау - барлық мемлекеттік қызметшілердің ортақ міндеті. Ең алдымен біз өзімізден бастауымыз қажет. Барлық бірінші басшылар қазақ тілін жұмыста және күнделікті өмірде қолдана отырып, әріптестеріне үлгі көрсетуі тиіс", - дейді Әбілқайыр Сқақов.

Облыс басшысы 10 күн ішінде өңірде қолданылатын мемлекеттік тілді оқыту жүйесінің тиімділігіне талдау жасауды, сонымен қатар мемлекеттік органдарда тіл заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін пәрменді ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897062-zimizden-bastauymyz-kazet-pavlodar-oblysyny-kimi-irdegi-seneunikterge-zii-kazaksa-sjleu-kerektigin-ajtty/

pixel