Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент құттықтау сөз сөйлейді: Биыл Наурыз мерекесі ерекше тойланбақ

Жарияланған күні:

Наурыз мерекесі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасының жобасы әзірленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәдениет және спорт министрлігі президент тапсырмасымен "Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын бекіту туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, "Ашық НҚА" порталында 2021 жылдың 9 ақпанында жариялаған.

"Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Тұжырымдаманың қабылдануы мерекенің мазмұнын байыта түседі", - дейді жобаны әзірлеушілер.

Жобада Наурыз мерекесін атап өтуге қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында, яғни 10 күн өткізілетіні айтылған.

Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері келесідей болмақ:

  • 14 наурыз – "Көрісу күні"
  • 15 наурыз – "Жайлау күні"
  • 16 наурыз – "Шежіре күні"
  • 17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні"
  • 18 наурыз – "Игі істер күні"
  • 19 наурыз – "Шымырлық пен шеберлік күні"
  • 20 наурыз – "Зияткерлік күні"
  • 21 наурыз – "Ұлттық тағамдар күні"
  • 22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні"
  • 23 наурыз – "Жоралғы күні"

Мәселен, 17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні" мeктeпке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың caнacынa ұлттық құндылықтapды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сондай-ақ тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында ұлттық, тapихи, өлкетану, өнер және әcкepи музeйлepгe апару жоспарлануда.

Бұл күні өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болған әрі елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау да өте маңызды.

Сондай-ақ 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтуіне орай арнайы кездесулер ұйымдастырылады.

"Биыл Желтоқсан оқиғасының 35 жыл толуына орай азаттықтың алғашқы қарлығаштары, тәуелсіздік боздақтары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы өте маңызды", - делінген құжатта.

Сонымен бірге осы күні туған жерге, елге, тәуелсіздік жолында жанын пида еткен тұлғалар туралы түрлі конкурстар, кітапхана қабырғасында BookDating озық алаңы, буккроссинг, сурет көрмесі және т.б. іс-шаралар өткізілуі тиіс.

Жобаны әзірлеушілердің пікірінше, Наурыз мейрамында жаппай ұлттық киімдерді киіп, халықтық ойындарды ұйымдастырып, ұлттық музыканы қоғамдық орындарда қою арқылы ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға болады.

Одан бөлек, жобада 22 наурыз күні сағат 12.00-де мемлекет басшысының құттықтау сөз сөйлейтіні де жазылған. Президенттің құттықтауы телеарна, интернет арқылы таралып және оны барлық халық тыңдауы үшін Наурызды тойлауға арналған алаңдарда LED экрандар қойылмақ.

Айта кетсек, қоғамдық талқылау 2021 жылдың 16 ақпанына дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898231-prezident-quttyqtau-soz-soileidi-biyl-nauryz-merekesi-10-kun-toilanady/