1000 теңгелік банкноталардың бірі елімізде мүлде жарамсыз болып қалмақ (фото)
Жарияланған күні:
Қаржы реттеушісі 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноталарды Ұлттық банк филиалдарында айырбастау кезеңінің аяқталуға шақ қалғанын жария етті деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2021 жылғы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталатынын еске салды.
2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталған болатын және 2021 жылдың 3 наурызына дейін ғана жалғасын таппақ.
"Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады", - делінген реттеушінің хабарламасында.
Банкноталарды ұлттық валютаның жарамды банкноттарына айырбастау тек Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылады.
2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2017 жылдың 1 наурызынан бастап заңды төлем құралы қатарынан алынып тасталған еді. Ұлттық банк қазақстандықтарға бұл банкноталарды айырбастауға мүмкіндік берді. 2017 жылдың 1 наурызынан бастап 2018 жылдың 28 ақпанына дейін оларды кез келген екінші деңгейлі банкте айырбастау мүмкін болды.
Ұлттық банктің филиалдарында банкноталарды алдымен 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ауыстыру мүмкіндігі берілген еді, содан кейін айырбастау мерзімі 2021 жылдың 3 наурызына дейін ұзартылды.
Сонымен бірге Ұлттық банк айналымда заңды төлем құралы болып табылатын 1000 теңгелік ескерткіш банкноттар бар екенін еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898405-1000-tengelik-banknotalardyn-biri-elimizde-mulde-zaramsyz-bolyp-qalmaq-foto/