Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев жастарды спортпен көбірек шұғылдануға шақырды

Опубликовано:

Фото
Фото: Елбасының баспасөз қыөметі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарды және спортпен көбірек шұғылдануға шақырды деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

"Спортпен шұғылдану арқылы жеңіске ұмтылыс, күш-қайрат, алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс сияқты маңызды қасиеттер жетіледі. Спорт дегеніміз – денсаулық, рухтың күштілігі, отансүйгіштік. Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, Елбасының қызы Әлия Назарбаева анасы Сара Назарбаеваны 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында әсерлі жазба жариялады.

Ана кез келген жан үшін ең бірінші, ең маңызды адам. Ана жүрегі - қуаныш пен шабыт көзі. Аналарымыз жанымызда болғанда біз бала болып қала береміз. Бүгін біздің отбасымызда - мереке, менің сүйікті анамның туған күні. Шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды Әлия Назарбаева. 

Ол анасы үлес қосқан жобалар арқасында көптеген адамның өмірі жақсы жаққа өзгергенін жеткізді.

"Әйелдің миссиясы - өмірді жетілдіру, оған махаббат пен жарық сыйлау", - деп сөзін толықтырды Елбасының қызы. 

Сонымен қатар, Әлия анасына үнемі қолдау көрсетіп, көңіл бөлгені, жылулық сыйлағаны үшін алғыс білдірді.

Еске сала кетсек, кеше Сара Назарбаева 80 жылдық мерейтойын атап өтті.Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын "экономист" мамандығы бойынша бітірген.

1962 жылы 25 тамызда Тәуелсіз Қазақстанның болашақ тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898800-nursultan-nazarbaev-zastardy-sportpen-kobirek-sugyldanuga-saqyrdy/

pixel