Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда шенеунік туысы арқылы пара алды деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

шенеуінік
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы қызметкеріне қатысты сотта қаралып жатқан қылмыстық іс туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, шенеунік аумақтық инспекцияның бас маманы лауазымына азаматты жұмысқа орналастырғаны және делдалдық жасап, қамқорлық танытқаны үшін өз туысы арқылы пара алды деп айыпталуда.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

"Қылмыстың басты себебі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілмеуі болды", - дейді өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Сонымен бірге аумақтық инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз етпегендігі, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер арасында осындай көріністерге қарсы күрестің басқа тетіктерін қолданбағаны атап өтілді.

Осыған байланысты бөлімге нақты ұсыныстар берілген.

Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы ішкі істер бөлімі басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Желіде тараған ақпаратта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алды деген күдікпен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығын ұстағаны айтылған.

"Мен бұл ақпаратты растай да, теріске шығара да алмаймын. Ресми ақпарат шығуы керек", - дейді БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.

Өңір полиция департаментінде Жәнібек ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы Манарбек Қаташев жұмыс орнында екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900368-sygys-kazakstanda-seneunik-tuysy-arkyly-para-aldy-degen-kdikke-ilindi/