Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік тарихшы Тоқаев жайлы авторлық хабарын жариялады (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Ресейлік журналист, тарихшы Леонид Млечин YouTube арнасындағы авторлық хабарын бұл жолы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"Бүгін белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті лауазымына сайланғанына екі жыл толуына орай өзінің YouTube арнасында авторлық хабарын жариялады.

Автор "Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева" деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде өзінің ой-пікірін ортаға салған.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы ғана емес, сондай-ақ, мемлекет басшысымен кездескенде алған өз әсері жайлы да егжей-тегжейлі әңгімелейді", - деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Сол кезде Елбасы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын айтты.

Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда Қазақстан Республикасының президенті ретінде ант қабылдады.

Кейінірек, 2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында 70,96 пайыз дауыс жинап, Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.

2019 жылы 12 маусымда Конституцияның 42-бабына сәйкес ант беріп, ресми түрде сайланған президент ретінде мемлекет басшысының лауазымына кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1916861-reseilik-tarixsy-toqaev-zaily-avtorlyq-xabaryn-usyndy-video/

pixel