Президент қоғамдағы әйелдердің ұстанымын барынша қолдауға шақырды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы әйелдердің ұстанымдарын барынша қолдауды тапсырды деп хабарлайды Қазақпарат.
Ол жаздың басында үкімет Адам құқықтарын қорғау жөніндегі кешенді жоспарды бекіткенін еске салды.
Президенттің сөзінше, бұл маңызды құжат Қазақстанда адам құқықтарын қорғау жүйесін ары қарай жетілдірудің ұзақ мерзімді институционалды негізін белгілейді.
"Кешенді жоспарды қабылдағаннан кейін, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс басталды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның сөзінше, осыған байланысты қоғамда әйелдердің экономикалық әрі саяси ұстанымдарын барынша қолдауды қамтамасыз ету керек.
Мемлекет басшысы бұл жұмыстарға Президент Әкімшілігі жауапты екенін атап өтті.
"Сонымен қатар, отбасылық гендерлік саясат концепциясына өзгертулер енгізу керек", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929879-memleket-bassysy-qogamdagy-aielderdin-ustanymdaryn-barynsa-qoldaudy-tapsyrdy/