Мәлік Олжабеков басшылық қызметке келді
Жарияланған күні:
Үкіметінің қаулысымен Мәлік Серікұлы Олжабеков цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды primeminister.kz.
Мәлік Олжабеков 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
КИМЭП университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы" АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері қызметінен бастады.
2012-2017 жылдары — "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы»"АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасарының м. а.; төрағасының орынбасары.
2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.
.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929948-malik-olzabekov-bassylyq-qyzmetke-keldi/