Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Нұрлыбай Аққұлов
Нұрлыбай Аққұлов. Фото: facebook.com/AkimatMangystau

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов қызметінен кетті. Бұл туралы облыс әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 10 қараша күні Нұрлыбай Аққұлов өз еркімен қызметінен босатылған.

Шенеунік денсаулығына байланысты жұмыстан кетуге шешім қабылдаған.

Маңғыстау облысының басшысы Нұрлан Ноғаев оның атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы бастамаларына сәттілік тілеген.

Айта кетейік, Нұрлыбай Аққұлов 2019 жылдың маусымында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді.

Бұған дейін ол Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1941529-mangystau-oblysy-akiminin-orynbasary-qyzmetinen-ketti/