Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық кәсіпкерлердің кәсібін жандандыруға мемлекеттік бағдарламалар септігін тигізуде

Жарияланған күні:

Кәсіпкерлік
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қызылорда қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» және «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламалары сәтті түрде жүзеге асырылуда.

2021 жылдың өзінде Қызылордада «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы құны 11,5 млрд теңгені құрайтын 653 жоба қолдау тапқан. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 144,3 млнтеңгені құрайтын 36 жоба грантқа ие болды.

Соның бірі, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдараламасынан кәсібі қолдау тауып, 4,5 млн теңге мемлекеттік грантқа ие болған жас кәсіпкер Даулет Ізбасарұлы. Ұтып алған гранттық қаржыға цехты кеңейту және «Ұнтақ өндірісі» (порошок) жобасын жүзеге асырмақ.

Қазіргі таңда кәсіпкер табиғи таза, сапасы жоғары сабын өнімдерінің өлшеміне қарай 5 түрін өндіруде. Қызылорда облысы тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етіп отырған өнімдер Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе өңірлеріне де тасымалданады. Цехта 20-дан астам адам еңбек етеді.

Кәсіпкерлік
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қызылордалық азамат Жасұлан Абилов та 2019 жылдан бастап сұйық травертин өнімдер өндірісін қолға алып, қала және аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруда.

Кәсіпкер 2021 жылы «Микробизнес Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 2 пайыздық несиелендіру бойынша 10,0 млн теңге қаражатқа ие болды.

Цехта тапсырыс берушінің сұранысына сәйкес сұйық травертин көмегімен текстураның әр түрлі түрлері дайындалады. Бүгінде кәсіпкерлік нысанда 6 адам тұрақты жұмыс істейді.

Кәсіпкерлік
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қала тұрғыны Жансия Альсеитова да мемлекеттік бағдарлама игілігін көріп отырған кәсіпкер. Ол 2019 жылы «Микробизнес Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 2 пайыздық несиелендіру бойынша 10,0 млн теңге қаражат алып, жартылай фабрикатталған өнімдер өндірісімен айналысуда.

Бөлінген қаржыға өндіріс орнын заманауи құрал жабдықтармен жабдықтап, «Good food Qyzylorda» атауымен танымал жартылай фабрикатталған өнімдердің жиырма тоғыз түрін шығарады. Бүгінде 4 адамды жұмыспен қамтуда.

Кәсіпкерлік
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Бұдан бөлек, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдараламасы бойынша жалпы құны 567,1 млн теңгені құрайтын 68 жоба несиелендіру арқылы қаржыландырылған. Аталған бағдарлама аясында жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру бағыты бойынша комиссия шешімімен құны 379,2 млн теңге болатын 654 адамның жобасы қолдау тапқан.

«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасы бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясында жоба құны 937 млн теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды

Айта кету керек, 2021 жылы Қызылорда қаласында 26 мың 772 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 44,9%-ы Қызылорда қаласының үлесінде.

Кәсіпкерлік
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942811-qyzylordalyq-kasipkerlerdin-kasibin-zandandyruga-memlekettik-bagdarlamalar-septigin-tigizude/