Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ауылдық округ әкімдері арасында агро туризмді дамытуға арналған курстар өткізілді

Жарияланған күні:

Алматы облысы
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

19 қараша күні Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Саты ауылында ауылдық округ әкімдері арасында облыстық агро туризмді дамытуға арналған курстар өткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталмыш курстар Алматы облысының туризм басқармасы мен облыстың туристік ақпараттық орталығы және Қазақстандық агро және ауылдық туризм қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Іс-шараның негізгі мақсаты – агротуризм ұғымы мен оның сыныптамаларын кеңірек түсіндіру, агротуризмді дамытудағы халықаралық тәжірибе мен өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып агротуризмді дамыту, Қазақстандағы агротуризмнің артықшылықтары мен даму әлеуетін сараптау болды.

Алматы облысы
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Экологиялық туризмді дамыту жолында аталған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, курсқа ауылдық округ әкімдері қатысты.

Қатысушылар іс-шара барысында ауыл тұрғындары үшін агротуризмді ұйымдастыруға арналған нұсқаулықпен танысты. Сондай-ақ, баға саясаты мен ауылдық жерлерде туризмді дамытудың тиімді жолдарын сараптай келе, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін бизнес жоспар құру негіздемесін қарастырды. Курсқа қатысушылар шаруашылық саласындағы шеберлік сағаттарын өткізу мысалдарымен де танысты.

Алматы облысы
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Мұндай іс-шараның басты мақсаттарының бірі – тұрғындарға ауылдан алыстамай-ақ, жұмыс көзін табуды, қалаға келмей-ақ, кәсіпті дамытудың алғашқы қадамдарын жасауды үйрету.

Аталған курс қатысушылар арасында жоғарғы сұраныс пен үлкен қызығушылық тудырып жатқаны қуантады. Алдағы уақытта облыстың басқа аудандарында да осындай іс-шаралар өткізу жоспарланын отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943477-almaty-oblysynda-auyldyq-okrug-akimderi-arasynda-agro-turizmdi-damytuga-arnalgan-kurstar-otkizildi/