Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Қазақстанның жасырын жаулары аз емес

Жарияланған күні:

Тоқаев
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасында жарияланған Қазақстанның жасырын жаулары туралы мәлімдемесін таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2019 жылғы 19 наурыз күні сағат 19:00-ден бастап жаңа уақыт есебі басталды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзін қолдағандары үшін қазақстандықтарға алғыс айтып, елдегі басты лауазымды Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді.

Өзінің халыққа арнаған үндеуінде Елбасы кеңестер Одағы құлағаннан кейін "нарықтық экономиканы орнату, тоталитарлық идеологиялық жүйені талқандау және қоғамның барлық институттарын жаңғырту біздің ең басты бірегей үш міндетіміз болды. Біз мұның барлығын заманауи демократиялық мемлекет – Қазақстан Республикасын құру үшін жасадық", – деп атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басқару билігінде отыз жылдай болды. Қазақстандықтар оның ғаламат жоспарлары мен бағындырған белестеріне үлес қосқандықтарын мақтаныш етеді. Мемлекет қайраткері, стратег, прагматик және саяси қайраткер ретінде заман талабына сай қимылдай білді. Ғаламдық толеранттылық, сындарлы көпполярлық оған бірдей деңгейде тән нәрсе болды. Рухы мықты және харизматикалық мінезі бар, Қазақстанды алдыңғы қатарға шығарған істері секілді, Елбасы мәңгілікке "Тұңғыш" болып қалады.

"Біз ғаламдық ядролық қарусызданудың кезеңдік стратегиясын ұсынған әлемдегі бірінші мемлекетпіз. 1995 жылдың наурыз айында біздің елімізде алғаш рет қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған, мағынасы жағынан таңданарлықтай болған Қазақстан халқының ассамблеясы құрылды.

ТМД елдерінің ішінде мемлекеттің жаңа астанасын жасаудың ауқымды жобасын Қазақстан бірінші болып жүзеге асырды. Әлемдік масштабтағы шара – EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқығын ТМД-да бірінші болып ұтып алды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымының төрағалығына 2010 жылы Қазақстан посткеңестік елдерінің ішінде бірінші болып сайланды" делінген мәтінде.

Отандық сарапшылар құрастырған көшбасшылық жүйесіне маңызды халықаралық бастамаларды да қосуға болады, оның ішінде: Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім кеңесі, G-Global және басқа да көптеген бастамалар.

Бұлардың барлығы да қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға және халықаралық саяси аренада мемлекеттің беделін көтеруге бағытталған.

Осы жерде тарихи параллельдерді де келтіре кеткен орынды. ТМД елдеріндегі саяси басшылардың ауысуы Қазақстанға қалай әсерін ететіндігі жөніндегі сұрақтарды туындатып, ықтимал сценарийлер қоғамда, сарапшылар арасында талқыланды.

Қазақстан Көшбасшысы қабылдаған шешімді әлемдік қоғамдастық посткеңестік кеңістіктегі елдер үшін теңдесі жоқ қадам ретінде бағалады.

Осы мәселе бойынша айтылған барлық пікірлердің ішінде Еуропа парламентінің депутаты, Шетел істері бойынша комитетінің мүшесі Андрейс Мамыкинстің пікіріне тоқталайық, ол былай деді: «Кету дерегінің өзі – өте күшті, ерік-жігері мықты, бірегей адамның қадамы. Назарбаев өз еркімен кетіп барады – демек ол елдің болашағына сенеді. Елдің дамуының тұрақты екендігін ол көріп тұр, елдің демократиялық жолдағы, дамудағы, мемлекеттің халықаралық аренадағы рөлін нығайтудағы курсынан ауытқымайтындығын түсінеді. Назарбаевтың кезінде Қазақстан күшті мемлекетке айналды».

Елбасының тарихи шешімін еліміз талқылап жатты, ал арада жиырма күн өткен соң Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айында кезектен тыс сайлау өткізілетіндігін жариялады.

Ол өзінің үндеуінде былай деп атап өтті: "Қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету, сенімді түрде алға жылжу, әлеуметтік-экономикалық дамудың міндеттерін шешу үшін кез келген белгісіздікті нақтылап алуымыз қажет. Өйткені әлемдегі жағдай тез құбылуда, кейбір кезде біздің пайдамызға сәйкес келе бермейді. Біз ішкі және сыртқы саясатымызда сабақтастықты, болжамдылықты және тұрақтылықты дәлелдеуге тиіспіз. Қазақстан – демократиялық мемлекет. Сондықтан Президент халықтың еркімен сайланатын болады. Мен Мемлекет басшысы ретінде сайлаудың әділ, ашық, адал өтуіне кепілдік беремін. Бұл менің принциптік позициям!".

Стратегиялық курстың сабақтастығы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне де толығымен қатысты. 2020 жылғы маусымда ҰҚК алқасында сөйлеген сөзінде, сондай-ақ "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің Ақтау қаласындағы базасына барған кезде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар негіз қалаушы міндеттер жүктеді, өйткені ҰҚК-нің әрбір қызметі, әрбір қызметкері ұлы миссияны – елімізді ішкі және сыртқы озбырлықтан қорғап отыр.

"Әрқашан мынаны есте ұстауымыз керек. Қазақстанның жасырын жаулары аз емес, олар қолдарын жайып бос отырмайды, біздің еліміздің мүддесіне қарсы белсенділікпен, алғырлықпен, ептілікпен кимылдауда. "Жаңа шындықтың" жылдам өзгеріп жатқан кезінде Комитеттің қызметі айтарлықтай сезіле түсуде.
…Жаңа өмір шындығы уақыттың жаңа сын-қатерлерін ұсынуда. Еліміздің мүдделерін қорғаудың концептуалды жаңа қадамдарын қамтитын "2020-2021 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы" осыларды жеңуге бағытталған", - деді президент.

Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. "19-19-19" деген сәт сілкініс болмады. Біздің елдегі биліктің бейбіт және бірқалыпты ауысу моделі үлгі боларлықтай. Осындай процестер қақтығыс жағдайына, кейде трагедиялық – тәуелсіздік пен егемендікті жоғалтатын жағдайларға алып келетіндігі, күрделі және болжап білмейтін оқиғалардың жиі болатындығы белгілі. Кез келген мемлекет үшін осынау жауапты да тарихи сәтте Қазақстанда халықтың сенімі мен болашаққа деген сенімділігін білдіретін бірлік пен мызғымастық үстемдік құрып тұрды

Қоғамда саяси және әлеуметтік сілкіністер болған жоқ. Ішкі саясатта, әлеуметтік және экономикалық секторларда жоспардан тыс мәселелер болған, болып та жатыр және бола да береді. Кез келген мемлекет одан қашып құтыла алмайды. Ал ол туралы ауыз ашпау әділеттілік емес. Қоғамдық процестер импульс алып жатса – ең маңыздысы осы. Ауысу кезінде мемлекеттік басқару жүйесі өмірге қажеттілігін дәлелдейтін күрделі емтиханнан өте білді.

"Мемлекет басшысы ұсынып отырған келесі онжылдықтың формуласы – мықты мемлекет, бәсекеге қабілетті ұлт, сапалы жаңа ұлттық ұқсастықты қалыптастыру – жүргізілетін реформаның тұғырнамасы және базалық элементі, сондай-ақ еліміздің дамуындағы жаңа биіктерге жетудің шешуші құралы болып табылады" делінген мәтінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943678-toqaev-qazaqstannyn-zasyryn-zaulary-az-emes/