Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында төрт түлікке жем-шөп дайындаудың арнайы жоспары бекітілді

Жарияланған күні:

Иллюстративное фото
Фото: pixabay

Өңірде өткен жылмен салыстырғанда мал басының біршама артқаны байқалды.

Атап айтсақ, мүйізді ірі қара – 8,2, қой мен ешкі – 6,5, жылқы - 14,2, түйе – 8,1 пайызға көбейді. Тиісінше, ет өндірісі – 2,4, сүт өнімі – 2,3, жұмыртқа 3,1 пайызға артты. Биыл Арал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты төрт-түлікті қыста мал азығымен қамтамасыз ету үшін аудандық штабтар құрылды.

«Облыс бойынша қысқа түсетін ауыл шаруашылығы жануарларын жем-шөп қорымен қамтамасыз етудің арнайы жоспары бекітілді. Қысқа түсетін малдарға 213,6 мың тонна азық қажет болса соның 80,9 пайызы қамтылды. Жауапты министрлікке мал азығын дайындауға қосымша 3,8 мың тонна дизель отынына тапсырыс беріліп, аудандар бойынша шаруашылықтар бөлінісіндегі кестесі дайындалды», - деді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев.

Жыл көлемінде облыс бойынша 534,7 мың шартты мал басына қыс мезгіліне 769,9 мың тонна азық дайындау жоспарланған болатын.

Қазіргі таңда қажетті мал азығы 109,8 пайызды құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945192-qyzylorda-oblysynda-tort-tulikke-zem-sop-daiyndaudyn-arnaiy-zospary-bekitildi/