Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ ресми түрде Қытайда өтетін қысқы Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялады

Опубликовано:

Олимпиада ойындары11
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ-тың билік өкілдері Қытайдағы қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Шыңжаңдағы геноцидті және басқа да адам құқықтарының бұзылуын ескере отырып, Байден әкімшілігі Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дипломатиялық немесе ресми делегация жібермейді", – деді ол брифингте.

Джен Псаки дипломатиялық бойкот америкалық спортшылардың Олимпиадаға қатысуына әсер етпейтінін атап өтті.

"АҚШ құрамасының спортшыларына барлық жағынан қолдау білдіреміз, үйде отырып жүз пайыз қолдаймыз, бірақ алдағы ойындардың ашылу салтанатына қатыспаймыз", – дейді Псаки.

Оның сөзінше, Вашингтон өз таңдауын бұл мәселе жайлы өздері жеке шешім қабылдайтын одақтастарына айтқан.

Айта кетейік, Шыңжаңдағы жағдайға байланысты Еуроодақ, АҚШ, Канада және Ұлыбритания Қытайға санкция салған болатын. Олар Қытайды ұйғырлардың құқығын бұзды, этникалық азшылықтарды қыспаққа алды және мәжбүрлі түрде еңбекке жекті деп айыптайды.

АҚШ ҚХР-ның ұйғырларға қарсы әрекетін геноцид деп бағалауға болады деп есептейді.

Ал Бейжің барлық айыптауларды жоққа шығарып отыр. Қытай билігі Шыңжаңға қатысты оқиғалар адам құқықтарына, этникалық немесе діни мәселелерге қатысты емес, зорлық-зомбылық, лаңкестік және сепаратизмге қатысты екенін алға тартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945587-aqs-resmi-turde-beizin-olimpiadasyna-diplomatiyalyq-boikot-zariyalady/

pixel