Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарда елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ертең, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелерінің, президент әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді", - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған президент әкімшілігінің, энергетика министрлігінің, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысқаны туралы жазған едік.

Сонымен қатар, үкіметтік комиссия мүшелері белсенділермен келіссөз жүргізіп жатқанын жазған болатынбыз. Жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949735-toqaev-eldegi-aleumettik-ekonomikalyq-zagdaiga-qatysty-kenes-otkizedi/

pixel