Үкіметтің жаңа құрамы: Бақыт Сұлтанов екі бірдей қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Бақыт Сұлтанов
Фото: Atameken Business Channel

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындалды.

Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, ал 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1994 жылы ҚР қаржы министрлігінде қаржы нарығының құнды қағаздары басқармасы акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастады;

1995 жылы бөлім басшысы, 1996 жылы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды;

1997 жылы – бюджет департаменті директорының орынбасары;

1998 жылы – мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры;

1999 жылы – қазынашылық департаменті директорының орынбасары;

2001 жылы – бюджет департаменті директорының орынбасары;

2002 жылы – ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет департаментінің директоры.

2002-2003 жылдары – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бюджет саясаты және жоспарлау департаментінің директоры;

2003-2006 жылдары – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;

2006-2007 жылдары – ҚР статистика агенттігінің төрағасы;

2007 жылы – ҚР қаржы вице-министрі;

2007-2010 жылдары – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;

2010-2012 жылдары – ҚР президентінің көмекшісі;

2012-2013 жылдар –  ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары;

2013-2014 жылдары – ҚР премьер-министрінің орынбасары;

ҚР қаржы министрі, 2014 жылғы сәуірде қайта тағайындалды. 

2014 жылғы тамыздан бастап ҚР қаржы министрі;

2015 жылғы 30 сәуірден бастап осы лауазымға қайта тағайындалды.

2018 жылдың 11 қыркүйегінен бастап 2019 жылғы 13 маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметін атқарды.

Ал 2019 жылдың 17маусымында Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950625-ukimettin-zana-quramy-baqyt-sultanov-eki-birdei-qyzmetke-tagaiyndaldy/