Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Питер Гриффитс Қазақстанның авиациялық әкімшілігі басшылығынан кетеді

Жарияланған күні:

Питер Гриффитс
Фото: caakz.com

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс 7 ақпаннан бастап қызметінен босатылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Питер Гриффитстің "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директоры қызметіндегі өкілеттігі өз еркімен тоқтатылады.

Гриффитс "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да ұйым құрылғанан бастап қызмет атқарды. Осыдан 2 жыл бұрын басшылық қызметке тағайындалмас бұрын ол Еуропалық Одақтың "Біртұтас Еуропалық аспан" бастамасының тиімділігін бағалау жөніндегі органның төрағасы болды.

"Питер Гриффитс "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ құрылғаннан бері 2 жылдан астам жұмыс істеді және авиациялық реттеушінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның басшылығымен азаматтық авиацияны басқару бойынша алдыңғы қатарлы еуропалық модельге сәйкес авиациялық әкімшіліктің қалыптасуы өтті. Мұндай тәсіл Қазақстанда алғаш рет енгізілді және ТМД елдері арасында бірегей болып табылады", - делінген комитет хабарламасында.

2022 жылдың 7 ақпанынан бастап Линда Орлэди «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры міндетін уақытша атқаратын болады. Ол 2019 жылғы желтоқсаннан бастап Бас директордың бірінші орынбасары, ұшу қауіпсіздігінің бастығы қызметін атқарып келді.

Ведомство мәліметінше. Жұмыстан өз еркімен кету туралы өтінішті Гриффитс 7 желтоқсанда жазған екен.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Линда Орлэди 2019 жылдан бастап ұшу қауіпсіздігінің бастығы болып табылады.

Ол ұшқыштардың, техникалық мамандардың және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі мамандардың командасын, 737, 747, 757/767, KC-46, 777, 787 және McDonnell Douglas модельдерінің ұшу рәсімдерін үйлестірушілерді басқарды.

Авиакомпания ұшқыштар қауымдастығында ұшу қауіпсіздігі жөніндегі атқарушы вице-төраға, сондай-ақ қауіпсіздікті басқару жүйелері жобасының директоры қызметін атқарды. ФАУ авиациялық ережелер жөніндегі авиация комитетінің (ARC) төрағаларының бірі ретінде қызмет етті.

Сонымен қатар, Орлэди Йель мен Гарвардтың зерттеушісі болды. Гарри Орлэдидің "Ұшу операцияларындағы адами фактор" (Human Factors in Multi-Crew Flight Operations) кітабының со-авторы, ұшу қауіпсіздігі Қорының Басқарма кеңесінің мүшесі болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953022-piter-griffits-qazaqstannyn-aviaciyalyq-akimsiligi-bassylygynan-ketedi/