Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облыстық ПД бастығы болып Василий Скляр тағайындалды

Жарияланған күні:

Василий Скляр
Василий Скляр. Фото: instagram.com/dp_pavlodar

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы болып Василий Васильевич Скляр тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Василий Скляр Павлодар облысының полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бүгін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа басшыны жеке құрамға таныстырды.

Василий Васильевич Скляр 1983 жылы өмірге келген.

2006 жылы ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірді, заңгер, құқық магистрі.

Әр жылдары Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы, қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, СҚО Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылғы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласының Полиция басқармасын басқарды.

"Полиция полковнигі" арнайы атағы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953499-vasilii-sklyar-pavlodar-oblystyq-pd-bastygy-bolyp-tagaiyndaldy/