Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейбіт Исабаев депутат антын қабылдады

Жарияланған күні:

Бейбіт Исабаев
Бейбіт Исабаев. Фото: Ақорда

Сенат депутаты Бейбіт Исабаев палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге және өзіне жүктелген депутат міндеттерін адал атқаруға ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мемлекет басшысының 13 қаңтардағы жарлығымен Бейбіт Исабаев Сенат депутаты болып тағайындалғанын еске салды.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді ол.

Сенат төрағасы Бейбіт Исабаевты құттықтап, депутаттық қызметіне табыс тіледі.

"Сіздер оны білікті де тәжірибелі мемлекет қайраткері ретінде жақсы білесіздер. Бейбіт Өксікбайұлы, біз сізді тағы да құттықтаймыз және депутаттық қызметте табыс тілейміз", - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954390-beibit-isabaev-deputat-antyn-qabyldady/