Татарстан президенті Тоқаевты "Дуслык" орденімен марапаттады
Опубликовано:

Татарстан президенті Рустам Минниханов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты "Дуслык" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
Рустам Минниханов Қазан қаласына сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық маңызын атап өтті.
"Біз үшін бұл – үлкен абырой. Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланыстар аясында Сіздің еліңізбен ықпалдастықты нығайту мүмкіндігін жоғары бағалаймыз. Қазақстан – Татарстан Республикасы үшін стратегиялық серіктес. Қазақстанның аймақтарымен көптеген келісім жасалған. Сіздің еліңізде табысты жұмыс істеп жатқан компанияларымызды көптеп мысалға келтіруге болады", – деді Рустам Минниханов.
Кездесу соңында Рустам Минниханов Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевты "Дуслык" орденімен марапаттады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955744-tatarstan-prezidenti-toqaevty-duslyk-ordenimen-marapattady/