Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лауазымына қарамай жүргізілуі тиіс: Президент заңсыз ақшаны елге қайтаруды жандандыруды тапсырды

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдап, заңсыз иемделген активтерді, соның ішінде шетелден іздеуге баса мән беру қажет екенін, сондай-ақ оларды Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру керектігін айтты. Бұл жұмыстардың бәрі тұлғаның кім екеніне және лауазымына қарамай жүргізілуге тиіс деп хабарлайды Ақорда.

Ведомство капиталды заңсыз шығаруға жол бермеу мақсатында қаржы реттеушілерімен бірлесіп, күмәнді трансшекаралық аударымдарға күшейтілген мониторинг жасау ісін жолға қойған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл тоқтатылған күдікті операциялардың саны 3 еседен асқаны және олардың жалпы құны 150 млрд теңгеге жуық екені баяндалды. Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Агенттіктің мәліметі бойынша, шетелге ақша қаражатын шығарудың күрт көбейгені байқалмайды. Керісінше биыл шетелге аударылған қаржы 30 пайызға азайған.

Жанат Элимановтың айтуынша, мүдделі органдармен бірлесіп, қолма-қол валютаны заңсыз шығаруға бақылау күшейтілген. Жалпы сомасы 5 миллион АҚШ долларына жуық заң бұзушылық анықталған.

Сонымен қатар Қазақстан-қытай шекарасында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үш аптаның ішінде тауарды заңсыз әкелу фактілері бойынша 8 қылмыстық және 24 әкімшілік іс қозғалды.

Нәтижесінде, тауар импорты көлемінің азаюына қарамастан, биылғы қаңтар айында бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшері 20 пайызға (26,6-дан 31,7 млрд теңгеге дейін) өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956066-lauazymyna-qaramai-zurgizilui-tiis-prezident-zansyz-aqsany-elge-qaitarudy-zandandyrudy-tapsyrdy/