Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санжар Жаркешов QazaqGaz ҰК басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Жаркешов Санжар Серікбайұлы
Фото: kaztransgas.kz

Санжар Жаркешов "QazaqGaz ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы компания ресми сайтында хабарлады.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасымен келісім бойынша, "QazaqGaz ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "QazaqGaz ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Жаркешов Санжар Серікбайұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Санжар Жаркешов 1986 жылы Қарағанды облысының Атасу кентінде дүниеге келген. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "Қаржы" мамандығы бойынша және АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университетін "Мұнай-газ инжинирингі" мамандығы бойынша бітірген.

2008 - 2010 жылдары Остин қаласындағы "Мұнай және геожүйелік инжиниринг орталығында" химиялық технологияларды қолдану жолымен мұнай-газ беруді арттыру жөніндегі инженер-зерттеуші болып жұмыс істеген.

2010 - 2016 жылдары аралығында ExxonMobil корпорациясының Калифорния, Колорадо және Техастағы штаттарында қызмет еткен. Сонымен қатар, осы жылдары Атырау облысында бұрғылау инженері, Иракта – бұрғылау аға инженері, Ресей Федерациясында – бұрғылау бас инженері, Атырау қаласында – "Қашаған" жобасының мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында ұңғымаларды жайластыру жөніндегі аға жобалау инженері болған.

2016 - 2018 жылдары – Шотландияның Перт қаласындағы Merlin ERD компаниясында кәсіпшілік супервайзерлердің жетекшісі және бұрғылау жөніндегі жетекші инженері қызметін атқарған.

2018 - 2019 жылдары – McKinsey and Company деп аталатын мұнай-газ өнеркәсібінің лондондық офисінде мұнай-газ өнеркәсібінің басқарушы кеңесшісі және жаһандық сарапшысы болған. Ол Колумбиядағы, Омандағы, Ресейдегі, АҚШ-тың Аляска штатындағы және Ұлыбританиядағы жобалар бойынша жұмыс істеген.

2019 - 2020 жылдары – Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарып, геология саласына жетекшілік еткен.

2020 жылғы мамырдан бастап 2022 жылғы ақпанға дейін – "Нафтогаз УГВ" бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары – Украинаның "Нафтогаз" ұлттық мұнай-газ компаниясының "Барлау және Өндіру" дивизионы директорының орынбасары болған.

Одан бөлек, Санжар Жаркешов британдық Инженер-Механиктер институты кеңесінің мүшесі, британдық "Кәсіпқой-Инженер "Chartered Engineer" атағының иегері.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957358-sanzar-zarkesov-qazaqgaz-ulttyq-kompaniyasy-toragasynyn-mindetin-atqarusy-bolyp-tagaiyndaldy/