Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Украинаға 50 млн доллар көлемінде көмек бөлгені үшін Финляндияға алғыс айтты

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: SERGEI SUPINSKY/AFP via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский ресми Twitter парақшасында Финляндия 50 миллион доллар көлемінде көмек көрсететінін айтты.

Зеленскийдің сөзінше, ол бүгін таңертең Финляндия президенті Саули Ниинистемен келіссөздер жүргізген.

"Финляндияға 50 миллион доллар көлемінде көмек бөлгені үшін ризамын. Бұл соғысқа қарсы коалицияға тиімді үлес. Біз жұмысты жалғастырамыз. Біз санкциялар мен Украинаға қорғаныс қолдауын күшейтуіміз керек", - делінген хабарламада.

Бұл жаңалықты Ниинистенің өзі де растап отыр.

"Мен осы қорқынышты жағдайда фин халқының Украинаға деген терең жанашырлығын білдірдім",- деді Финляндия басшысы.

Одан бөлек, Зеленский британиялық премьер-министр Борис Джонсонмен кезекті келіссөз жүргізді.

"Біз Ресей Федерациясына тиімді қарсы іс-қимылды талап етеміз. Санкциялар одан әрі күшейтілуі керек", - деді Украина президенті.

Сондай-ақ, Украина президенті санкциялардың барлық мүмкіндігі таусылмағанын айтты. Зеленский бұл мәселені Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенмен талқылаған. Ол қосымша қаржылық көмек беру туралы шешім қабылдады.

"Мен президентке қосымша қаржылық көмек туралы шешім қабылдағаны үшін ризамын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958017-zelenskii-ukrainaga-50-mln-dollar-koleminde-komek-bolgeni-usin-finlyandiyaga-algys-aitty/

pixel