Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының жаңа төрағасы президентке есеп берді

Жарияланған күні:

Мағзұм Мырзағалиев президент қабылдауында
Мағзұм Мырзағалиев президент қабылдауында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның қазіргі жұмыстары мен қаржылық жағдайы және алдағы кезеңдегі даму перспективалары туралы есеп берді.

Кездесу барысында Каспий құбыр желісі консорциумына қатысты ахуалға да ерекше назар аударылды.

Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, айлақтың жылжымалы құрылғылар жүйесін жөндеу жұмыстары жуырда аяқталады. Бұл Қазақстан мұнайын Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы тасымалдаудың бұрынғы көлемін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" төрағасы мемлекет басшысына Атырау облысындағы полипропилен шығаратын кешен құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, аталған зауыттың құрылысын жуық арада аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мұнай-газ химиясының өнімі бойынша Қазақстанның нетто-экспортерге айналуына мүмкіндік береді.

Кездеу соңында президент еліміздің мұнай-газ химиясы саласын дамытудың аса маңызды екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1965990-qazmunaigaz-uk-aq-basqarma-toragasy-magzum-myrzagaliev-prezidentke-esep-beredi/