Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қайта тіркеуден өтеді

Жарияланған күні:

Логотип Казахмыс
Фото: Kazakhmys Holding

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында болатын Ұлытау облысының құрылуы туралы жариялады. Дәл осы өңірде, Қазақстан Тәуелсіздігінің таңы атқан шағында "Қазақмыс" компаниясы құрылды.

Осыған байланысты компания басшылығы жаңа облыс құрылғаннан кейін тиісті заңды рәсімдерді жүргізе отырып, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ін Жезқазған қаласында қайта тіркеу туралы шешім қабылдады.

"Қазақмыс" компаниялар Тобы-табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеудегі жетекші компания, Қазақстандағы мыс өндіретін көшбасшы компания. Компания құрамында-геологиялық барлау кешені, он үш кеніш, төрт байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі бар. Холдинг кен өндіруді және оны тауарлық металға қайта өңдеуді жүргізетін өндірістік объектілерді басқарады. 2021 жылы катод эквивалентінде 213,299 мың тонна мыс, құймаларда 5 508 кг алтын өндірілді.

"Қазақмыс" әлемдегі ең ірі күміс өндірушілердің бірі болып табылады-2021 жылы 271,0 тонна тазартылған күміс өндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966020-qazaqmys-korporaciyasy-zss-qaita-tirkeuden-otedi/