Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік тележурналист Тигран Кеосаянның Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынуы мүмкін

Жарияланған күні:

Тигран Кеосаян Қазақстан аумағына кіргізілмеуі мүмкін
Тигран Кеосаян. Фото: youtube.com/Кеосаян daily

Қазақстанды қорлайтын сөздер айтып, желіге жариялаған ресейлік тележурналист Тигран Кеосаянға елімізге кіруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің Telegram парақшасында айтылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлайтын, объективті емес сөздері назарымызды аударып отыр.

Мүмкін, оның мәлімдемесі Ресей қоғамы мен саяси истеблишменттің белгілі бір бөлігінің көзқарасын көрсететін шығар. Бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастық рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге мүлдем сәйкес келмейді.

Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынасымызға селкеу түсіреді және стратегиялық серіктестігімізге қарсыларға қолайлы болмақ.

Ол Қазақстанға келуі құпталмайтын адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын", - деп жазды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967176-reseilik-telezurnalist-tigran-keosayannyn-qazaqstan-aumagyna-kiruine-tyiym-salynuy-mumkin/