Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі президентке елдегі криминогендік жағдайдың жай-күйін баяндады

Жарияланған күні:

Тоқаев пен Ахметжанов
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ведомство басшысы президентке еліміздегі криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы есеп берген.

Өз сөзінде Ахметжанов елде қарақшылық, мал ұрлығы, алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтығы, сондай-ақ бұрын сотталғандардың мас күйінде, отбасылық-тұрмыстық салада және топтасып жасаған қылмыстардың саны айтарлықтай төмендегені туралы айтқан.  

Министр мемлекет басшысына ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы да мәлімет берген.   

Кездесу барысында президент кәмелетке толмағандарға қатысты және отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстың алдын алу жұмыстарының нәтижелерімен де танысқан.

Одан бөлек Марат Ахметжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарының қызметін бюрократиядан арылту, жұмыс үдерістерін цифрландыру және автоматтандыру, ішкі рәсімдерді, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын оңтайландыру жөнінде баяндаған.

Министр мемлекет басшысына криминогендік жағдайға мониторинг жасайтын ІІМ Ахуалдық талдау орталығының мүмкіндіктерін кеңейту туралы да ақпарат берген.

Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзатындарды анықтауға бағытталған жаңа жүйе жұмысының алдын ала нәтижелері туралы айтқан.

Кездесу соңында мемлекет басшысы министрге еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Президент интернет алаяқтығы мен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жандандыру қажеттігін де атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972482-iski-ister-ministri-prezidentke-eldegi-kriminogendik-zagdaidyn-zai-kuiin-bayandady/