Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көрсететін орталықтар құрылды

Жарияланған күні:

Анасы мен балалары
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты. Шара барысында мемлекет басшысы азаматтардың бәріне тең мүмкіндік беретін қоғам құру, соның ішінде әйелдер мен балалардың құқығын қорғау басты міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.

"Тағы бір маңызды міндет – әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау.  Министрлікте осындай істерді тергеумен айналысатын арнаулы бөлім қайта ашылды. Менің тапсырмам бойынша биыл әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көрсететін орталықтар құрылды. Бұл орталықтар қазір пилоттық режимде жұмыс жасап тұр.

Онда психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ тиісті сараптамалар жасалады. Арнайы даярлықтан өткен тергеуші әйелдер зардап шеккен жандарға жәрдем береді.

Жалпы, бұл орталықтар тиімді жұмыс істеп жатыр. Мұндай орталықтарды бүкіл ел аумағында ашып, ауқымын кеңейту керек. Үкіметке және әкімдерге осы жұмысты қолға алуды тапсырамын", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, жиын барысында мемлекет басшысы соңғы кездері құқық қорғау органдарының қызмет бабын асыра пайдалануына қатысты шағымдардың жиілеп кеткенін атап өтті.

Сондай-ақ мамыр айында отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде кәсіпкерлердің көпшілігі тікелей қысым көріп жатқаны туралы шағымданғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975430-toqaev-aielder-men-balalarga-kesendi-qoldau-korsetetin-ortalyqtar-quryldy/