Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовпен кездесті

Опубликовано:

Санжар Жаркешов Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында
Санжар Жаркешов Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Санжар Жаркешов президентке "QazaqGaz" ҰК" акционерлік қоғамының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған қаржы-шаруашылық жұмыстарының қорытындысы, сондай-ақ ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берген.

Сонымен қатар ұлттық компанияның қабылдаған шұғыл шаралары ішкі нарықтағы тауарлық газдың тапшылығын болдырмауға мүмкіндік бергені жөнінде баяндаған.

Санжар Жаркешовтің сөзінше, қазіргі таңда ішкі нарықтың газға деген сұранысы толық қамтамасыз етілген. QazaqGaz Қашағанда қуаты 1 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салуға кіріскен. Газды барлау және өндіру жөніндегі жаңа жобаларды іске қосу арқылы ресурстық базаны ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Газ саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілген.

Санжар Жаркешов мемлекет басшысына компанияның қызметіне жүргізіліп жатқан кешенді тексеру жұмысының барысы туралы да мәлімет берген. Айтуынша, Қазақстанның газ тасымалдау жүйесіне халықаралық техникалық аудит жүргізілуде. Ұлттық компанияның шығындарын оңтайландыру нәтижесінде жыл басынан бері 9 миллиард теңге үнемделген. 

"QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы президентке газға қосылу жөніндегі техникалық шарттарды беру үшін талап етілетін құжаттар тізімін қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын да айтқан.

Одан бөлек баға белгілеудің әлеуметтік әділ реформасына қатысты шаралар кешені әзірленіп, қарауға ұсынылған.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Санжар Жаркешовке бірқатар міндет жүктеген, соның ішінде еліміздегі газбен қамту жұмыстарының қарқынын арттыру жөнінде тапсырма берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979848-toqaev-qazaqgaz-uk-aq-basqarma-toragasy-sanzar-zarkesovpen-kezdesti/

pixel