Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Сауд Арабиясына барды

Опубликовано:

Ақорда
Фото: Қазақстан республикасы президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барды, деп хабарлайды БОРТ "№1" Telegram каналы.

Қазақстан президентін әуежайда корольдің кеңесшісі әрі Мекке провинциясының губернаторы Фейсал Халид бин Әбделазиз, сондай-ақ Сауд Арабиясы корольдігінің қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрі Абдурахман Әл-Фадли қарсы алды.

23-24 шілдеде Сауд Арабиясы королдігінің жоғары басшылығымен және іскер топтарымен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979912-toqaev-saud-arabiyasyna-bardy/

pixel