Әбдірахманов Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов қызметінен босатылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Рүстем Әбдірахманов Facebook әлеуметтік парақшасында жазды.
"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым.
Бұл қызмет мен үшін жаңалық емес, ал аймақ – ерекше, әсіресе үйім, алаңсыз балалық шағым және мектеп осы жермен байланыстырады.
Ведомство басшылығының бұл сенімі мен үшін азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда, әділеттілікті қалпына келтіруде және қылмыспен күресте жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар бұл - менің кәсіби өсуімнің жаңа кезеңі.
Менің өмірлік және қызметтік ұстанымдарым өзгеріссіз қалғанын айта кетейін. Әдеттегідей мен, сындарлы диалогқа ашықпын және объективті сынды тыңдауға дайынмын. Менің ақпараттық ресурстарым әлі де қолжетімді", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981449-abdiraxmanov-almaty-policiya-departamenti-bassysynyn-orynbasary-qyzmetinen-bosatyldy/