"Қазақмыс" Tranco zhezkazgan ЖШС еңбек дауын қарастыру жөніндегі жұмыс кездесуінің барысы туралы айтты
Жарияланған күні:
Осыған дейін хабарланғандай, "TrancoZhezkazgan" (Транко Жезқазған) ЖШС Жезқазған филиалы жұмысшылары мен жұмыс беруші арасындағы еңбек дауы 2022 жылғы 1 тамыздағы жұмыс кездесуінің барысында реттеліп, тараптар жұмыскерлердің талаптарында көрініс берген мәселелерді қарау жөніндегі жұмысшы тобын құру туралы шешімге келді.
"2022 жылғы 2 тамызда "Қазақмыс" корпорациясы, "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС еңбек ұжымдары және "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин бастаған аутсорсингтік компаниялар өкілдерінің жұмыс жиналысы өтті, онда қызметкерлер үшін әлеуметтік пакетті іске асырудағы бірыңғай тәсілді анықтау бойынша іс-қимыл жоспары ұсынылды.
Осыған дейін, ағымдағы жылдың басында барлық қызметкердің еңбекақысы орта есеппен 30 пайыздан астам артты. Сонымен қатар жалақының өсуі инфляцияның ресми деңгейінен және тұтыну қоржынының өсуінен едәуір асып түсті. Сонымен қатар инфляция деңгейі үнемі қадағаланып отырады және егер ол есептелген деңгейден асып кетсе, жалақыны индекстеу мәселесі қаралады. Осыған байланысты, мониторингке сәйкес, бұл асып кету байқалмайды – жалақы деңгейінің жоғарылауы туралы айту ертерек.
Сонымен қатар талқылау барысында ағымдағы айдан бастап "TrancoZhezkazgan" ЖШС персоналының нақты еңбек жағдайлары бар, атап айтқанда, жұмыс орнында өндірістік процестен қол үзбей болу қажеттілігі, жұмыс орнының негізгі жұмыс орнынан қашықтығы, жолсапардың болуы жұмыстың сипаты және асханаларда тамақтануды ұйымдастырудың балама нұсқасының болмауы сынды санаттары үшін тамақтандыруға жұмсалған шығындарды өтеу туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа тамақтандыруға жұмсалатын шығындарды өтеуді, шығындарды өтеу шарттарына жататын персоналдың саны мен санатын айқындауды, сондай-ақ "Қазақмыс" тобының жекелеген кәсіпорындары және басқа да аутсорсингтік компаниялар бойынша қосымша бюджетті есептеуді көздейтін жеңілдіктер мен өтемақылар бойынша бірыңғай стандартты (регламентті) әзірлеу және бекіту бойынша жалпы іс-қимыл жоспары пысықталды.
Бұл жұмыс алдағы айларда жүргізіледі және оның қорытындысы бойынша еңбек ұжымдары хабардар етіледі.
Қабылданған шаралар туралы ақпараттандыру үшін жұмыс тобының тұрақты кездесулерін өткізіп тұру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - деді "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары А. П. Гайдин.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981491-qazaqmys-tranco-zhezkazgan-zss-enbek-dauyn-qarastyru-zonindegi-zumys-kezdesuinin-barysy-turaly-aitty/