Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында екі ауданның әкімі тағайындалды

Жарияланған күні:

шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ескелді және Көксу ауданына жаңа әкімдер тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы Ескелді ауданының, Көлбаев Марлен Қапашұлы Көксу ауданының әкімі болып тағайындалды.

Елдос Тұрсынбайұлы 1968 жылы туған, білімі жоғары.

Семей қаржы-экономикалық техникумын "Мемлекеттік бюджет", Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін "Қаржы және несие", әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Заң" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талғар қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы болып бастады.

Әр жылдарда Талдықорған облысы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, аға салық инспекторы, бас салық инспекторы, Талдықорған облысының Талдықорған ауданы бойынша салық инспекциясының, салық бөлімінің, салық комитетінің бастығы, Алматы облысы Ескелді ауданы бойынша салық комитетінің бастығы, төрағасы, Көксу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, бөлім бастығы, Текелі қалалық қаржы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2018 жылдың ақпанынан Ескелді ауданы әкімінің орынбасары болды.

Марлен Қапашұлы 1976 жылы туған, білімі жоғары.

"Жетісу" институтын "Экономика және менеджмент", Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын "Заң" мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын Ішкі істер басқармасы күзет бөлімінің полиция қызметкері болып бастаған.

Біршама жыл "Жетісу" экономикалық институтында түрлі қызметтер атқарды. Кейін Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ агроөнеркәсіп кешені департаментінің бас менеджері, Талдықорған қалалық адами ресурстарды басқару департаментінің жобаларды басқарудың бас менеджері, "ЖетісуАгроСауда" ЖШС-ның Талдықорған аймағы бойынша бастығы, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдың желтоқсанынан бастап Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981502-zetisu-oblysynda-eki-audannyn-akimi-tagaiyndaldy/