Қайыркен Әлиев Ұлытау облысы ПД бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Қайыркен Әлиев жаңа қызметке тағайындалды - енді ол еліміздің жаңа өңірлерінің бірінде полиция департаментін уақытша басқарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, полиция полковнигі Қайыркен Әлиев Ұлытау облысы ПД бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Қайыркен Жетпісбайұлы Әлиев 1977 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарында 2000 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің бөлімшелерінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторынан бастап жедел уәкілге дейін түрлі қызметтер атқарған.
2009 жылы Балқаш қалалық ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
2009-2010 жылдар аралығында Қарағанды облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының Теміртау қаласы бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы болды.
2013-2014 жылдары Теміртау қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
Саран қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы болып қызмет етті.
Жаңа тағайындауға дейін ол Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары лауазымында болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981589-qaiyrken-aliev-ulytau-oblysy-pd-bastygynyn-mindetin-atqarusy-bolyp-tagaiyndaldy/