Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз қаласының әкімі қызметінен кететінін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Ержан Жылқыбаев
Ержан Жылқыбаев. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол Facebook желісіндегі ресми аккаунтында қоштасу жазбасын жариялады.

Желідегі жазбасында Ержан Жылқыбаев Тараз қаласы әкімі қызметінен кететінін айтып, өз жұмысын қорытындылады.

"Осыдан тура 2,5 жыл бұрын жаратқанның қалауымен қасиетті Әулиеата жеріне жұмыс ауыстырған едім.

1 жылдан аса облыс әкімінің орынбасары ретінде 9 басқармаға жетекшілік еттім. Қордай оқиғасынан соң тұрақтылықты қалыптастыру, әлемді жайлаған пандемиямен күрес, елімізде бұрын-соңды болмаған жаппай білім беруді онлайн форматқа ауыстыру сияқты аса жауапты кезеңде күні-түні еңбек еттік.

Ал өткен жылдың наурызынан бастап Тараз қаласының әкімі болып тағайындалдым. 400 мыңнан астам тұрғыны бар облыс орталығына басшы болу - халықтың әл-ауқатын жақсарту, сан-салаға серпін беру, қаланы көркейту, халық сенімінен шығу сияқты міндеттерді жүктеді.

1,5 жылға жуық уақыт аралығында атқарған жұмыстарымыз тараздықтардың көз алдында болды. Оның бағасын халықтың өзі бере жатар. Ең бастысы - әрбір жоспарымызда, басымдық берген бағыттарымызда тұрғындардың сұранысы мен қоғамның пікірі ескеріліп отырды", -делінген жазбада.

Әкім өзіне сенім артылған соң, еліміздің кез-келген өңірінде мемлекеттік саясатты іске асыру - әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті деген ойын жеткізген.

"Сол міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол - заңдылық. Сондықтан, мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесінен өттім", - дейді Ержан Жылқыбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981988-taraz-qalasynyn-akimi-qyzmetinen-ketetinin-malimdedi/