Тоқаев жер заңнамасының сақталуын тексеруге мораторийдің күшін жою туралы жарлыққа қол қойды
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жер заңнамасының сақталуын тексеруге мораторийдің күшін жою туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы:
1. "Қазақстанда тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" президенттің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) Жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу" туралы қаулы етті.
Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетсек, маусым айында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстанда жерді тексеруге мораторийді алып тастауды ұсынған болатын. Шенеуніктердің айтуынша, бұл ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбау немесе тиімсіз пайдалану мәселелерін тезірек және ұтымды шешуге мүмкіндік береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1982647-toqaev-elimizde-zer-zannamasynyn-saqtaluyna-moratoriidin-kusin-zoyu-turaly-zarlyqqa-qol-qoidy/