Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов еліміздегі жанар-жағармайға байланысты жағдайға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Әлихан Смайылов
Фото: t.me/KZgovernment

Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министр Әлихан Смайылов таяуда жоспарлы жөндеуден шыққан Павлодар мұнай-химия зауытына барды, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram-каналы.

Премьер-министр баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкімет басшысының жұмыс сапары барысында кәсіпорын директоры Қуаныш Бишімов 8-27 шілде аралығында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, зауыттың 7 айдың қорытындысы бойынша дизель отынын, бензинді және басқа да өнім түрлерін шығару бойынша көрсеткіштерді асыра орындағанын хабарлаған.

Өз кезегінде үкімет басшысы мұның күзгі дала жұмыстары қарсаңында маңызды екенін атап өткен.

"Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі, жанар-жағармай материалдарының барлық жоспарланған көлемі өндіріліп, нарыққа уақытылы жеткізілуі өте маңызды", — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен бірге премьер-министр қазіргі уақытта үкіметтің ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдап жатқанын айтты. Себебі, үкімет басшысының айтуынша, дизель отыны мен бензин көрші елдерге шығарылған жағдайлар бар.

"Жанар-жағармай материалдары бойынша тәуекелдерді барынша азайту мақсатында біз қазір ішкі тұтынушылар үшін бағаларды ұстап тұру және сыртқы тұтынушыларға арнап бағаларды түзетуге бағытталған шешімдерді әзірлеп жатырмыз. Бағалар көрші елдердің нарықтарына сай келуі тиіс. Бұл біздің азаматтар мен бизнесті жанар-жағармай материалдарымен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ПМХЗ басшылығы кәсіпорынға келіп түсетін мұнайдың сапасы және жабдықты сатып алу кезінде еркіндікті барынша қамтамасыз ету мәселелерін көтерген.

Ведомство хабарламасында үкімет басшысының тиісті шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдарға аталған мәселелерді пысықтауды тапсырғаны атап өтілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984057-smaiylov-elimizdegi-zanar-zagarmaiga-bailanysty-zagdaiga-pikir-bildirdi/