Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Жарияланған күні:

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы
Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылған.

Сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдаған.

Отырыс соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984236-toqaev-qauipsizdik-kenesinin-otyrysyn-otkizdi/