Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі құрылымында бірқатар кадрлық тағайындау болды

Жарияланған күні:

Марат Ахметжанов
Марат Ахметжанов. Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ведомствоның орталық аппараты қызметтерінің, сондай-ақ облыстық және аудандық полиция бөлімшелерінің басшылық және басқа да түрлі лауазымдарына бірқатар тұлғаны тағайындады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министрдің өкімімен:

Жанар Қожахметова – Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына;

Асылбек Саменов – Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары м.а. лауазымына;

Александр Попов – Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары м.а. лауазымына;

Ернар Базаров – Абай облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына;

Нұрмахан Жалғасов – БҚО ПД бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Марат Ахметжанов қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдері бастықтарының рөлін ерекше атап өтті.

"Министр – ПД бастығы – қалалық ПБ / аудандық ПБ бастықтары" – бұл қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдері басшыларының жауапкершілігін арттыратын басқарудың үш деңгейлі моделі. Қызметкерлердің моральдық-жауынгерлік рухы, аймақтағы атмосфера сіздердің кәсібиліктеріңіз бен адамгершілік қасиеттеріңізге байланысты. Аудандарда және қалаларда біздің негізгі бөлімшелер орналасқан. Онда басқа жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау және қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасау, халықпен байланыс орнату сынды министрлікке жүктелген міндеттер орындалады. Сіздер өздеріңізге бекітілген аймақта не болып жатқанын, қауіптің қай жақтан төнетінін күн ілгері білуге тиістісіздер, сондай-ақ өтініштерге уақтылы ден қойып, дер кезінде заңды, дұрыс және жауапты шешімдер қабылдау қажет", – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ жаңа лауазымдарға тағайындау үшін төмендегі үміткерлер министрдің келісіміне ұсынылды:

Милира Қасенова – Көші-қон қызметі комитетінің халықты құжаттандыру және ішкі көші-қонды есепке алу басқармасының бастығы лауазымына;

Жанна Ержанова – Көші-қон қызметі комитетінің халықты құжаттандыру және ішкі көші-қонды есепке алу басқармасы бастығының орынбасары лауазымына;

Ролан Оразғалиев – Абай облысы ПД Үржар ауданының полиция бөлімінің бастығы лауазымына;

Әсет Қалиев – Ақтөбе облысы ПД Алға аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына;

Шалқар Дәулетқұлов – Жамбыл облысы ПД Т.Рысқұлов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына;

Айшуақ Сейітқазиев – БҚО ПД Жәнібек ауданының полиция бөлімінің бастығы лауазымына;

Алмас Серікбаев – Түркістан облысы ПД Түлкібас ауданының полиция бөлімінің бастығы лауазымына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992826-iski-ister-ministrligi-qurylymynda-birqatar-kadrlyq-tagaiyndau-boldy/