Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Ниязов: Ұлттық жобалар халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді

Жарияланған күні:

автобусный цех
Фото: akorda.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов ұлттық жобаларды іске асыру, жастарды жұмысқа орналастыру және еңбек кірістерін заңдастыруға бағытталған шаралар туралы сұрақтарға жауап берді.

- Асқар Нұрланұлы, бүгінгі таңда нәтижелі жұмыспен қамту саласында қандай мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар бар екендігі туралы айтып берсеңіз? Олардың қайсысын 10 айдың қорытындысы бойынша ең тиімді деп атауға болады?

- Бүгінгі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін 10 ұлттық жоба іске асырылуда. Олардың шеңберінде 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 503,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: ұлттық жобалар аясында 233,8 мың (162,6 мыңы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды); (ҚР "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңының талаптарына сәйкес, жұмыс берушілер ұсынған) бос жұмыс орындарында - 269,8 мың.

Жұмыс орындарын құру бойынша ең тиімді ұлттық жобалар 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі-ұлттық жоба), "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" және Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба болып табылады. Оларға ұлттық жобалар шеңберінде құрылған барлық жұмыс орнының 91%-ы тиесілі.

Жұмыс берушілердің өтінімдері, еңбек нарығында талап етілетін дағдылар бойынша кәсіптік оқыту ұлттық жоба құралдарының бірі саналады. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдайға жүгінсек, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша кәсіптік оқытуға 13,4 мың адам жіберілсе, оның ішінде 7,9 мың адам оқуды аяқтап, 6,9 мың адам немесе 87,6%-ы жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар (онлайн оқыту) жөнінде кәсіптік оқытумен 21,8 мың адам қамтылып, оқуды аяқтаған 19,5 мыңы немесе 89,7%-ы сертификат алды.

Азаматтардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу мақсатында ұлттық жоба шеңберінде жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын "Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру көзделген. 2022 жылдың шілде айынан бастап "Бастау Бизнес" жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту Skills.enbek.kz порталы арқылы онлайн режимде іске асырылуда. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдайға үңілсек, "Бастау Бизнес" жобасында кәсіпкерлік негіздеріне 90,4 мың адам оқытылды.

Өткен үш жыл ішінде "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтаған азаматтар, ережеде бекітілген санаттарға сәйкес болған кезде, өз ісін ашу мақсатында 400 АЕК (2022 жыл – 1,2 млн теңге) мөлшерінде өтеусіз және қайтарымсыз гранттарға үміткер бола алады. 2022 жылғы 1 қарашада жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 21,2 мың грант берілді.

молодежь
Фото: akorda.kz

Жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұлттық жоба шеңберінде жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарымен уағдаластық бойынша субсидияланатын жұмыс орындарын құрады. 2022 жылдың 10 айында субсидияланатын жұмыс орындарына 161,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың мамыр айында жұмыспен қамту және еңбек мәселелері бойынша кеңес өткізді. Осы кеңесте Президент мамандығына сай жұмысқа орналастырылған ЖОО түлектерінің көрсеткіші 50%-дан сәл ғана жоғары екенін атап өтті. Осыған байланысты бүгінгі таңда қандай бағдарламалар мен жобалар жастарға арналған? "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты", "Жастар практикасы" және т. б. жобалар бойынша жұмысқа орналасу қаншалықты мүмкін?

- Мемлекет тарапынан жастарды, оның ішінде оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін елімізде бірінші жұмыс орнында қажетті еңбек дағдыларын және бейімделуді қамтамасыз етуге бағытталған арнайы жобалар іске асырылуда. Осындай жобалардың бірі өткен 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектеріне арнайы арналған "Жастар практикасы" болып табылады. Аталған жоба жас ізденушіге одан әрі тұрақты жұмысқа орналасу үшін алған мамандығы тұрғысында бастапқы жұмыс тәжірибесін ұсыну мақсатында ұйымдастырылады.

Сондай-ақ 2020 жылдан бастап жұмыс берушілерді тәжірибесіз жастарды жұмысқа қабылдауға ынталандыру мақсатында "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары енгізілді. "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бірінші рет жұмыс іздеуге кіріскен және жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға арналған. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы жұмыссыз жас азаматтарды жұмысқа орналастыруды, содан кейін зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді алмастыруды көздейді.

швейная фабрика
Фото: akorda.kz

Ағымдағы жылы "Жастар практикасы" жобасына 38,6 мың жас маман жіберу, алғашқы жұмыс орнына 3,8 мыңға жуық жасты жұмысқа орналастыру және "Ұрпақтар келісімшарты" жобасымен 656 адамды қамту жоспарлануда. 2022 жылғы 1 қарашада жастар практикасына 27,2 мың адам жолданса, алғашқы жұмыс орнына 3,6 мың адам орналастырылып, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы шеңберінде 485 адам жұмыспен қамтылды.

Тиісті мерзімде жастар практикасын 5,6 мың адам аяқтаса, оның ішінде 2,6 мың адам немесе 45,6%-ы тұрақты жұмыс тапты. "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларында 1048 адам жұмысты бітіріп, оның ішінде 386 адам немесе 36,8%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Қазіргі уақытта халықты жұмыспен қамту орталықтары жастар практикасының, "Алғашқы жұмыс орны" мен "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларының жұмыспен қамтылмаған қатысушыларын жұмысқа орналастыру бойынша әрекеттенуде.

- Сондай-ақ кейбір басылымдар мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы үкіметтің кеңейтілген отырысында жүздеген мың жұмыс орындарын тексеру кезінде олар бойынша салық және зейнетақы аударымдары жоқ екендігі туралы мәлімдемесіне сілтеме жасайды. Қазіргі уақытта нақты жұмысқа орналасуды бақылау қалай қамтамасыз етіледі? Министрлік еңбек нарығының көлеңкелі тұстарын қысқарту үшін қандай шаралар қолдануда?

- Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, 2019 жылдан бастап "Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы" жұмыс орындарын құру мониторингісі бойынша ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Бұл ақпараттық жүйеде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға тартылған қызметкерлердің еңбек шарттары бойынша мәліметтерді "Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне орналастыру талабы белгіленген. Бұдан басқа, бұл ақпараттық жүйе мемлекеттік органдардың сыртқы ақпараттық жүйелерімен ықпалдастырылған. Тиісінше бұл деректерді енгізу бойынша бизнес-процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді (мемлекеттік және салалық бағдарламалар бөлінісінде еркін жұмыс орындарының есебін енгізуге, құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдарды есепке алуды жүргізуге мүмкіндік береді).

Жұмыс орындарын құру мониторингісі интеграцияланған картаның мәліметтері негізінде жүзеге асырылады. Ал олардың дұрыстығын тексеру еңбек шартын тіркеу, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болуы арқылы жүзеге асырылады.

- Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламалары қалай өзгеруде? Бұрын қолданыста болған "Еңбек" және "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарламаларының қандай тиімді тетіктері сақталды, сондай-ақ қазақстандықтарды белсенді жұмысқа орналастыру үшін қандай жаңа бағдарламалар құрылды?

- 2009 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде елде бірқатар үкіметтік және мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға бағытталған жол карталары іске асырылды. 2018 жылы үкіметтік бағдарламалар мемлекеттік бағдарламалар мәртебесінде қайта бекітіліп, 2021 жылы мемлекеттік бағдарламалар ұлттық жобалар болып түрленді.

Жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттардың негізгі мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Жаңа бағдарламаларды әзірлеу кезінде қолданыстағы бағдарламалардың тетіктері жетілдірілді.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қолданыстағы ұлттық жоба шеңберінде келесідей жаңашылдықтар көзделген: "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары; жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыз зейнет жасына жеткен адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған "Күміс жас" жобасы; тәжірибелік дағдыларды ұсыну мақсатында жұмыс берушінің жұмыс орнында жұмыссыздарды оқыту; еңбек ресурстарының кәсіби дағдыларын дамыту үшін онлайн оқытуды енгізу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997380-asqar-niyazov-ulttyq-zobalar-xalyqty-natizeli-zumyspen-qamtuga-zardemdesudi-kozdeidi/