Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚР Еңбек министрлігі: баласы бар отбасыларды қолдау - ұлттық саясат басымдығы

Жарияланған күні:

семья на пляже
Фото: pixabay

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда баласы бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа шаралары іске қосылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлады.

Еңбек министрлігінен атап өткендей, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау ұлттық саясаттың басымдығы болып табылады. Қазақстанда ана мен баланы қолдаудың кешенді моделі түзілген.

Бүгінгі таңда отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі әр түрлі өмірлік жағдайды қарастырады және оған келесілер кіреді: Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік және босану бойынша төлем; баланың тууына және оған күтім жасауға жәрдемақы; отбасының табысын есепке алмай төленетін, көпбалалы отбасыларға және марапатталған аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақы.

Сонымен қатар мемлекет ана мен баланы қолдауды күшейту тұрғысында нақты қадамдар жасауда. Мәселен, келесі жылдан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылады. Бұл жаңалық жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қатысты.

Министрлік жұмыс істемейтін аналар үшін республикалық бюджеттен қаржыландыруға қосымша қажеттілік есептеулер дайындады. Бұл мақсаттарға қосымша 183,5 миллиард теңге межеленуде.

МӘСҚ тарапынан жалақының 40% мөлшерінде бала күтімі жөнінде әлеуметтік төлемдер алатын жұмыс істейтін ата-аналар үшін де тиісті тәсілдер көзделген.

Қазіргі уақытта республикада 1 жасқа дейінгі бала күтімін жүзеге асыратын 576 мыңға жуық жұмыс істейтін және 65 мыңнан астам жұмыс істемейтін ата-ана бар.

Әлеуметтік кодекс жобасында "Марапатталған аналар" деген жаңа мәртебе енгізілуде. Бұл мәртебе көпбалалы аналардың еңбегін құрмет тұту мақсатында "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендері табыс етілген әйелдерге беріледі. Мұндай мәртебені алу мемлекеттік жәрдемақы алуға құқық береді.

Әлеуметтік кодекстің жобасында сондай-ақ "Марапатталған аналар" жаңа мәртебесі енгізіледі және жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар үшін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін ұлғайту қарастырылуда.

Қазіргі уақытта алты баланы дүниеге әкелген және тәрбиелеген аналар "Күміс алқа" алқаларымен; жеті баланы дүниеге әкелген және тәрбиелеген аналар "Алтын алқа" алқаларымен марапатталып, бұл ретте оларға бірдей жәрдемақы тағайындалады. Енді әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері сараланады.

"Алтын алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған адамдар үшін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғаяды.

Сондай-ақ 2023 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет монетизацияланады. Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай азық-түлік сатып алуға мүмкіндік береді. Монетизация ай сайын 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қосымша төлем түрінде жүзеге асырылады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұл шара 190 мыңға жуық балаға әсер етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997627-qr-enbek-ministrligi-balasy-bar-otbasylardy-qoldau-ulttyq-sayasat-basymdygy/