Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев алдағы бес жылда ауылды дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ауылдық аумақтарды дамыту тәсілдерінің институционалдық жағынан қамтамасыз етілуін дамыту және тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) 2023 жылғы 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдауды қамтамасыз етсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ұлықтау рәсімі барысында Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұратынын мәлімдеп, үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.

"Қазір – сайлаудағы жеңісті тойлайтын кез емес, аянбай еңбек ететін кез. Сол себепті, арқаны кеңге салмай, бірден іске кірісуіміз керек, босаңсуға болмайды. Осы орайда, ең алдымен қолға алатын бірнеше мәселеге арнайы тоқталғым келеді.

Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. "Ауыл – ел бесігі" деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы жарлыққа қол қоямын.

Осы құжат арқылы үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999057-auyldagy-zagdaidy-zaqsarta-almasaq-barimizge-syn-toqaev-aldagy-bes-zylda-auyldy-damytu-turaly-zarlyqqa-qol-qoidy/