Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Нұртілеу Президент әкімшілігінің басшысы болып қайта тағайындалды

Жарияланған күні:

Мұрат Нұртілеу
Мұрат Нұртілеу. Фото: Ақорда

Мұрат Нұртілеу Президент әкімшілігінің басшысы лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.

1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.

2007 жылы – Қазақстан Республикасының парламенті сенатының аппараты басшысының орынбасары.

2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты аппаратының басшысы.

2011 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2011 жылы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.

2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан ақпан айын дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды.

2022 жылғы 1 ақпанда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалып, бүгінге дейін сол қызметті атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999073-murat-nurtileu-prezident-akimsiliginin-bassysy-bolyp-qaita-tagaiyndaldy/