Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұргүл Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Нұргүл Өсербайқызы. Фото
Нұргүл Өсербайқызы. Фото: https://t.me/KZgovernment

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова берген өтініші бойынша ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова берген өтініші бойынша ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қараша айында Қарағанды облысында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған.

Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшысы.

2008-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.

2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы.

2018-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары.

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.

2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001354-aqparat-zane-qogamdyq-damu-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/