Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайырбек Өскенбаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Қайырбек Өскенбаев
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлығымен Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды БОРТ N1.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Қайырбек Өскенбаев 1964 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

1986 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1996 жылы — Ақмола аграрлық университетін және 2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылы бастаған. 1982 – 1993 жылдары ішкі істер органдарында қызмет еткен, Ақмола қалалық әкімшілігінің коммуналдық меншік бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.

1993 – 1996 жылдары бас кеңесші заңгер, заңды қамсыздандыру және бақылау бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік мүлік бойынша Ақмола аумақтық комитетінің жекешелендіру жөніндегі бюро директоры ретінде жұмыс істеген.

1996 – 2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы жекешелендіру бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік комитетінің басқарма төрағасының орынбасары, мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Ақмола аумақтық комитетінің төрағасы, Ақмола қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша аумақтық комитет төрағасы, "Астана қаласының коммуналдық меншік қоры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, индустрия және сауда министрлігінің сауда және туристік қызметті реттеу комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

2006 – 2011 жылдары туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы жөніндегі комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі ретінде жұмыс істеген.

2011 – 2016 жылдары "20015 әскери бөлімшесі" РММ материалдық-техникалық қамсыздандырудың басты басқармасының басшысы, "ҚазМұнайГаз – Сервис" ЖШС бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы аймақтық даму бірінші вице-министрі және ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған.

Әр жылдары "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарушы директоры лауазымын атқарған.

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004062-qaiyrbek-oskenbaev-industriya-zane-infraqurylymdyq-damu-ministri-lauazymynan-bosatyldy/

pixel