Ренат Бектұров "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Ренат Бектұров "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
"Ренат Нұрмолдаұлы Бектұров "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымына тағайындалсын", - делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Айта кетейік, бұл қызметте Ренат Бектұров Қайрат Келімбетовті алмастарды.
Астана халықаралық биржасының (AIX - Astana International Exchange) ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Ренат Бектұров Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген. Сондай-ақ сертификатталған қаржы сарапшы дәрежесіне ие (CFA Charter Holder). Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
AIX-тің хабарлауынша, Бектұровтің қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.
Жаңа қызметіне дейін ол Астана халықаралық биржасының басқарма төрағасы болған.
Одан бөлек AIX-тің қаржы жөніндегі басқарушы директоры, АХҚО әкімшілігінің активтерді басқаруды дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Қазақстан Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясында Қазынашылықты басқарған.
Ренат Бектұров сондай-ақ Қазақстанның даму банкінде жұмыс істеген және ТМД аймағындағы сукук алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004455-astana-xalyqaralyq-qarzy-ortalygynyn-basqarusysy-bolyp-renat-bekturov-tagaiyndaldy/