Президент жарлығымен сенат депутаты Андрей Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды
Жарияланған күні:
Президент жарлығымен сенат депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Aqorda Telegram арнасы хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан республикасы парламенті сенатының депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, Андрей Лукин 2019 жылдан бастап сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005298-senat-deputaty-andrei-lukinnin-okilettigi-toqtatyldy/